Экологиялық тәрбие Дене тәрбиесі Исполнитель
- Скачано: 0
- Размер: 29.87 Kb
Экологиялық тәрбие. Дене тәрбиесі
- Экологиялық тәрбиенің мәні және мазмұны.
- Экологиялық тәрбиенің форма және методтары.
- Оқушыларда экологиялық тәрбиені қалыптастыру.
- Дене тәрбиесінің мақсат және міндеттері.
- Дене тәрбиесінің мазмұны, форма және методтары.
Тірек ұғымдар: экологиялық тәрбие, мақсат мен мазмұны, дене тәрбиесі, оның мазмұны, міндеттері, формалары, құралдары, эстетика, талғам, өнер, әдебиет.
Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды. Экологияны жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізін салушы, англия ғалымы Чарльз Дарвин.
Сонымен, экология-тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты, оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда,биологиялық орта азғындан ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен-көлдер, теңіздер адамның жабайы, рахымсыз іс-әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, санасын жойып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптері (химия, мұнай, көмір, АЭС т.б) және цемент заводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығатын заттардың, өнімнің, яғни азық-түлік, ет-сүт тағамдарының қалдық-қоқыстары іріп-шіріп бұзылуынан түрлі бактериялардың пайда болуы тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды.
Адам табиғаттың бір бөлігі. Ол табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан адамның табиғатқа қатынасында терең гуманистік мән жатыр. Адам жердегі және жердің астындағы байлықтарды: су ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, олардан ғылыми негізде пайдалану, табиғат байлықтарының көбейуін қамтамасыз ету, айналаны таза ұстау шараларын қолдануы қажет.
Демек, табиғаттың сиын кейінгі ұрпаққа қалдыру үшін оқушылардың бойында экологиялық сананы, экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажет. Ғылыми дүниетанымның бір бөлшегі болған экологиялық сана мен мәдениет – мектепте берілетін экологиялық білм мен тәрбиенің нәтижесі. Экологиялық тәрбие қоғамдық тәрбиенің ажыралмас бөлімдерінің бірі. Экология сөзі гректің «ойкос» - үй, «logos» ғылым деген сөздерінен алынған болып, бұл терминді бірінші рет 1866 жылы неміс ғалымы Эрнест Геккел пайдаланған. Мектепте экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларда, табиғат туралы тура көзқарасын қалыптастыру, табиғатқа саналы және тәртіпті қатынаста болуды тәрбиелеу, оларды табиғат саналы және тәртіпті қатынаста болуды тәрбиелеу, оларды табиғат байлықтарынан тиімді де ұтымды пайдалануға үйрету және келешек ұрпақ үшін өмір сүруге ыңғайлы жағдайды қалдыру рухында тәрбиелеу болып табылады.
Экологиялық білім география, биология, химия, еңбек, физика, әдебиет сияқты пәндерді оқыту арқылы беріледі. Экологиялық тәрбие сабақ процесінде, сабақтан тыс уақытта әртүрлі экологияға байланысты тәрбиелік шараларды өткізу арқылы беріледі. Экологиялық тәрбиеге байланысты тәрбиелік шараларға иысал келтірейік. Мысалы, 5–7 кл. Оқушылармен «Құстар күнін», « Табиғатқа саяхат», «Орман күнін» өткізу. Жоғары сынып оқушыларын көгалдандыру жұмысына қатыстыру, экологиялық экскурсиялар ұйымдастыру, «Қызыл кітап» қа енген өсімдіктер, жануарлар, аңдар туралы мәлімет жинап, оларды қорғау, айналаны таза ұстауға дағдыландыру. Экологиялық тақырыпқа байланысты тәрбиелік сабақтар өткізу, онда «Құран» және хадистерден, мақал – мәтелдерден пайдалану, сыныптарын таза ұстау бойынша жарыстар өткізу т.б. оқушылардың бойында экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыруға көмектеседі.