Адамгершілік тәрбие Эстетикалық тәрбие Исполнитель
- Скачано: 0
- Размер: 30.71 Kb
Адамгершілік тәрбие. Эстетикалық тәрбие
- Адамгершілік әлеуметтік сана, әсер ету және тәрбие формасы ретінде.
- Шығыс ойшылдарының адамгершілік көзқарастары.
- Адамгершілік тәрбиенің мәні және мазмұны.
- Рухани-адамгершілік тәрбиесінің форма және методтары. Жанұялық өмірге адамгершілік жағынан дайындық.
- Эстетикалық тәрбиенің мақсат және міндеттері.
- Эстетикалық тәрбие мазмұны, форма және методтары.
Тірек ұғымдар: руханият, ұлттық руханият, мораль, рухани - адамгершілік тәрбие, адамгершілік сезім, адамгершілік сенім, адамгершілік сана, мінез-құлық мәдениеті, саналы тәртіп, жыныстық тәрбие, салауатты өмір, эстетикалық тәрбие, оның мақсат және міндеттері.
Руханияты жоғары тұлғалар жұртты танытады. Тұлғаны болса оның рухани бейнесі танытады. Руханият – тәрбиеден басталады. Тәлім - тәрбиесіз руханияттың болмауы баршаға аян, ақиқат.
Ұлттық педагогика негіздеушілерінен бірі А.Авлонийдің «Тәрбие біз үшін не өмір, не өлім, не үміт, не бақыт, не қасірет мәселесі!» деген сөздері пікірімізге дәлел болады.
Жалпы білім беру мектептерінде тәлім – тәрбие кезеңінде жүзеге асырылуы керек болған рухани – ағарту істер көлемі кеңеюде, мазмұны сапа жағынан жаңалануда. Бұл өз кезегінде тәлім – тәрбие саласында қызмет көрсетіп жатқан адамдардан шығармашылық ізденісті, іске жаңаша жандасуды, шынайылылықты, жауапкершілікті және де өз кәсібінің анық ұстасы, жанкүйері болуды талап етеді.
Қазіргі дәуірде руханият мәселесі тәуелсіздікті баянды ету және келешекке сеніммен барудың ең дұрыс жолы деп саналуда. Жоғары мәдениетке, рухани байлыққа ие болған халық тәуелсіздік идеясын меңгеріп, келешекке ынтымақтасып, өзара түсінісіп, өзгелермен қарым – қатынасын нығайтып бара алады.
Руханият болмаған жерде бақытты өмір де, имандылық та, тәуелсіздік сезімі де, әділет те болмайды.
Руханияты дамыған халық пен ұлт өзін - өзі қадірлейді, өткенін мақтаныш етеді, келешекке үмітпен қарайды.
1-ші Президентіміз И.А.Каримовтың сөзімен айтқанда, «руханият түрлі халықтар мен мемлекет адамдарын туыс – бауыр етеді. Олардың тағдырын өзара құрмет негізінде жақындастырады».
Руханият өте кең түсінік. Оның сипаттамасы қай жақтан алынуына қарай әртүрлі болады.
Жеке адамның руханияты дегеніміз - оның іс-әрекеті, тұрмыс-тіршілігі, істеген жұмыстары, еңбегінің нәтижесі, айнала-болмысқа қатынасы.
Руханият бір ұлттың өзіне тән рухани дүниесін, рухани келбетін көрсететін ұлттық болады. Бірақ жалпыадамзаттық құндылықтарға қарсы емес, қайта өз ішінде оларды да қамтиды.
Ұлттық руханиятқа ұлттың тілі, ұлттың әдебиеті, өнері, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, табиғаты, ғылым мен техникасы, адамның тұрмыс-тіршілігі, творчествосы, еңбегі және оның нәтижесі жатады.
Демек, руханият, оның ішінде ұлттық руханият қоғамның және сол қоғамдағы әрбір адамның санасын белгілеуші, оны тәрбиелеуші тәсіл болады. Әрбір адам жас күнінен өз ұлтының қадір – қасиеті, әдет – ғұрпы, көзқарастары арқылы өзінің дербес руханиятын қалыптастырады. Әрбір ұлттың, мемлекеттің тәлім – тәрбие процесі сол ұлт руханиятының даму дәрежесіне байланысты болады. Ғасырлар бойы жинақталған рухани байлықтар қоғамдық сананы және жеке адамның санасын тәрбиелеуде негізгі ролді атқарады.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, семьяға, басқа адамдарға, мемлекетке деген қатынасын анықтайтын мінез-құлық нормалары мен ережелерін дамыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі.
Адамгершілік – латынның мораль деген сөзінің баламасы.
Мораль дегеніміз - адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қатынастарын айқындайтын ортақ тұрмысы мен мінез-құлқының нормалары және ережелерінің жиынтығы.
Рухани-адамгершілік тәрбиенің мақсаты - рухани моралдық жағынан жетілген, адамгершілік қасиетке ие жеке адамды тәрбиелеу.
Рухани – адамгершілік тәрбиенің негізгі міндеттері мыналар:
- жас ұрпақты қоғамда қабылданған моралдық нормаларға мойын ұсынып жасауды үйрету;
- адамгершілік сананы, тұрақты адамгершілік сенімді, көзқарасты тәрбиелеу;
- жас ұрпақтың Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өзіне деген қарым-қатынасына бағытталған адамгершілік сезімді тәрбиелеу, дамыту;
- рухани байлықтарды оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың рухани дүниесін қалыптастыру;
- ізгілік, парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу.
Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде адамгершілік сезімдер ерекше орын алады.
Сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Жоғары сезімдер арасында адамгершілік сезімдер ерекше орын алады.
Адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез – құлқы мен іс - әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы ұзақ та күрделі процесс. Бірінші сынып оқушысына басқалармен санаса білуді үйрету, жұмыста бір - біріне кедергі болмауды түсіндіру қажет.
Адамгершілік сенім адамның білімінің негізінде туындайды. Жеке адамның адамгершілік сенімін қалыптастыру үшін адамгершілік ереже, нормалар, мінез - құлық қасиеттері туралы арнайы ағарту жұмысы болуы керек.
Адамгершілік ағарту жұмысы адам баласының ең парасатты қасиеттері, адам өмірінің адамгершілікке негізделген салт-санасы туралы кең, жан-жақты түсінік береді.
Мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді жолы болып табылады. Бірақ бұл күрделі әрі көп қырлы процесс. Ол оқушылардың сана – сезіміне ықпал етуді, оларда жақсы әдет пен мінез – құлықты, адамгершілік сезім мен қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді.
Адамгершілік қасиетті баланың мұғаліммен және құрбы – құрдастармен ұдайы қарым – қатынасында қалыптасады.