Баланс: 0.00
Авторизация
Демонстрационный сайт » Рефераты » Педагогика (Рефераты) » Өзбекстон Республикасы білім жүйесі Білім саласында мемлекет саясатының негізгі принциптері
placeholder
Openstudy.uz saytidan fayllarni yuklab olishingiz uchun hisobingizdagi ballardan foydalanishingiz mumkin.

Ballarni quyidagi havolalar orqali stib olishingiz mumkin.

Өзбекстон Республикасы білім жүйесі Білім саласында мемлекет саясатының негізгі принциптері Исполнитель


Өзбекстон Республикасы білім жүйесі   Білім  саласында мемлекет саясатының негізгі принциптері
  • Скачано: 0
  • Размер: 27.6 Kb
Matn

Өзбекстон  Республикасы  білім  жүйесі.  Білім  саласында мемлекет саясатының негізгі принциптері.

 

  1. Өзбекстан Республикасының  “Білім  беру туралы” Заңы. 
  2. Үздіксіз білім жүйесі,  оның құрамдас бөліктері және дәрежесі. 
  3. Білім саласында  мемлекет саясатының негізгі принциптері.

 

Тірек ұғымдар. Өзбекстан  Республикасы,  “Білім  беру туралы” Заң, Үздіксіз  білім жүйесі

Өзбекстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ең алдымен білім беру системасын түбірімен қайта құру мәселесін қа-растырды. Осы мақсатта 1992 жылы  Өзбекстан Республикасының «Білім беру туралы»  Заңы қабылданды. 1997 жылы жинақталған тәжірибелерді үйреніп, қорытынды жасап, тәуелсіз мемлекеттің мүмкіндіктері ескеріліп,  Өзбекстан Республикасы Олий Мажлистiң 1997 жылы, 29-августте болып өткен IX сессиясында жаңадан «Білім беру туралы»  Заң қабылданды. Мемлекетіміздегі білім саласындағы соңғы өзгерістерді ескеріп 23.09.2020 жылы «Білім беру туралы»  Заңы қайтадан қабылданды.

Өзбекстан Республикасының «Білім беру туралы»  Заңы (2020 ж.) 11 тарау, 75 бабтан тұрады. Заңның бастапқы «Жалпы ережелер» бөлімінде  заңның мақсаты, білім туралы заңнама, негізгі ұғымдар, бiлiм беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері, білім алу құқықы ашып берілген. 2-бөлімінде Білім жүйесі, түрлері және формалары көрсетілген. «Білім беру жүйесін басқару» атты 3-бөлімінде  Өзбекстан Республикасы Уәзірлер Мекемесінің білім беру саласындағы өкілеттіктері, білім беруді басқару бойынша өкілетті мемлекеттік органдардың құқықтары, жергілікті мемлекеттік әкімдіктердің білім беру саласындағы өкілеттіктері, білім беру мекемелерін басқару,  білім беру саласындағы мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік болмаған білім беру мекемелері арасындағы өзара қатынастар қандай болуы  көрсетілген. «Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау» атты 4 бөлімінде  білім беру мекемелерінің құқықтық мәртебесі, оқу орындарын құру, қайта құру және тарату, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының өз қызметін лицензия негізінде жүзеге асыру, білім беру ұйымдарының жарғысы, білім беру мекемелерінде оқу тілі, мемлекеттік білім беру стандарттары, оқу үдерісінде оқу жоспарлары мен бағдарламалары, білім беру саласындағы эксперименттік-инновациялық іс-шаралар, білім беру ұйымдарының ашықтығы мен айқындылығы, оқу орындарына қабылдау, мемлекеттік білім беру мекемелеріне мақсатты түсу, білім беру туралы құжжат, оқу орындарының рейтингі, білім беру жүйесіндегі мониторинг, сондай-ақ білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау туралы мағлұмат аласыздар. 5-бөлім «Білім беру мекемелері мұғалімдерінің құқықтық мәртебесі» деп аталып, онда педагогикалық қызметпен айналысу құқықы, педагогтардың мәртебесі мен олардың қызмет ету кепілдігі, мұғалімдердің міндеттері туралы айтылған. 6-бөлімде Студенттердің, олардың ата-аналарының және басқа заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері, олардың киіміне қойылатын талаптар сөз болады. «Білім беру үдерісіне қатысушыларды әлеуметтік қорғау» деген 7-бөлімде білім алушыларды және білім беру мекемелерінің қызметкерлерін әлеуметтік қорғау, жетім балалар мен ата-аналарының яки басқа заңды уәкілдердің қорғауынсыз қалған балаларды оқыту, дене және рухани дамуында кемістігі болған балалар мен жас өспірімдерді оқыту, әлеуметтік көмекке және реабилитацияға мұқтаж болған жеке адамдар үшін оқу-тәрбие мекемелері мәселелері баяндалған. 8-бөлімде мемлекеттік емес білім беру ұйымдарын лицензиялау, білім беру ұйымдарын сертификаттау және мемлекеттік аккредиттеу, шет елде алынған білім туралы құжжатты тану, білім саласындағы құжжаттарға апостиль қоюды баяндайды. 9-бөлімде білім беруді қаржыландыру, ББ дамыту қорлары, ББ саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, білім саласына инвестиция тарту, ББ мекемелерінің меншігі туралы, ал 10-шы бөлімде ББ саласындағы халықаралық ынтымақтастық, шет елде оқу ашып берілген. 11-бөлімінде қорытынды ережелер берілген. Онда дауларды шешу, білім туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілік, Өзбекстан Республикасы кейбір заңнамалық актісін жарамсыз деп тану, заңның орындалуын қамтамасыз ету, Заңнаманы осы заңға сәйкес келтіру және заңның күшке енуі мәселелері қарастырылған.

Комментарии (0)
Комментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Copyright © 2024 г. openstudy.uz - Все права защищены.